БҚО бойынша ҚАЖ мекемесінде неке қию рәсімі өтті

БҚО бойынша ҚАЖ мекемесінде неке қию рәсімі өтті

Отбасын құру, қоғамның жаңа бөлігінің пайда болуы әрқашан өмірде өте маңызды, салтанатты сәт және сүйіспеншілікке толы жүректердің қайта қосылуына ештеңе кедергі бола алмайды. Бұған тағы бір дәлел Орал қаласының тергеу изоляторының қабырғасында екі неке қию рәсімі болды.
Мекеме бастығының жан-жақты қолдауымен және арнайы контингент пен мекеме заңгері арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бірлескен іс-шараларының арқасында БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің РУ-170/1 колониясында некені тіркеу рәсімін өткізу үшін Орал қаласының АХАТ өкілі шақырылды. Бірден екі жас ерлі – зайыптылар өздерінің қарым-қатынастарын заңдастыруға ниеттерін білдіріп , салтаннатты рәсімге сотталған Н. және оның әйелі К., сондай-ақ тергеу-қамауға алынған М. және оның әйелі Г. қатысты
«Бостандықта мен некені ресми тіркеудің рөлі туралы ойламадым, бірақ бұл жерде отбасы ең маңызды екенін түсіне бастадым»,-деп бөлісті сотталған Н.
- Мен мекеме әкімшілігіне ризамын. Олардың тарапынан шынайы қолдауы мен көмектескендіне ризашылығымды білдіремін. Келесі кезекте заңгер мен тәрбиешілер тарапынан қолдау болмағанда, олар барлығын жедел ұйымдастырып бермесе, біз барлық құжаттарды тез рәсімдей ала алмайтын едік деп ойлаймын. Мекеме бастығы мен қызметкерлерге үлкен рахмет, - деп өз ойымен бөлісті азаматша К.
Карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін, бұл мекеме қабырғаларында некені тіркеу рәсімінен өткен алғашқы отбасылар.
– Мұндай сәттер біздің қамқорлығымыздағы тәрбие үдерісінің, мойынсұнғыш мінез – құлық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың ажырамас бөлігі екенін ұмытпауымыз керек. Осындай іс – шаралардан тәрбие бөлімінің күнделікті жұмысы қалыптасады – сүрінгендерге көмектесу, өмірде өз орнын табу, қажетті көмек көрсету, жақын адамдармен қарым-қатынасты қалпына келтіруге қатысу, - дейді тәрбие жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары Қ.Қалиев.