ШҚО тұрғынынан танкіге қарсы жарылғыш оқ-дәрі тәркіленді

ШҚО тұрғынынан танкіге қарсы жарылғыш оқ-дәрі тәркіленді

Өскемен және Семей қалаларының екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған.
Қауіпті оқ-дәрілерді заңсыз сақтау туралы жедел ақпарат алған ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 қызметкерлері мәліметті полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Семей тұрғыны өз үйінде ТМ-62м танкіге қарсы минаны жасырғаны анықталды.
Сондай-ақ, ақпаратты өңдеу барысында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 жедел бөлімі ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге аталған пәтерде 16 мм калибрлі БМ үлгідегі тегіс ұңғылы аңшылық мылтықты тәркіледі.
Екі факті де сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
«Ер адамдарда қаруды ұстауға рұқсат құжаттары болмаған. Тәркіленген оқ-жарақтар мен қаруларға сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287 – бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінің бастығы Қанат Жүсіпов.