
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсембин Ихсан Іслямұлы құттықтау сөз сөйлеп, жазаларды орындаудың отандық жүйесін дамытуға қосқан белсенді үлесі үшін барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Майрам Аюбаев ведомство қызметкерлерін алдағы мерекемен құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғысын айтты. Мерейтойлық датаға орай ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен әділет генерал-майоры салтанатты түрде әріптестерін «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» және «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгілерімен, ҚР Ішкі істер министрлігінің грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.