
Қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзі бекер айтылмаса керек. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Молдаш Байтабын да әке жолын жалғап, Қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет етіп жүр.
Бүгінгі таңда жас қызметкер Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ депрататментінің ЗК-169/4 мекемесінде Режим және күзет бөлімінде бақылаушы болып жұмыс жасайды. Негізгі міндеті, сотталғандарды алып жүру, жұмыс орындарына апарып алып келу және осы кезеңде сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуін қадағалап, тінту-тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан ол жұмысына аса жауапкершілікпен және қырағылықпен қарайды. Ішкі істер органына жұмысқа тұру оның бала күнгі арманы еді.
Әкесі Молдаш Бөгенбай ішкі істер органдарында 40 жыл қызмет еткен. Ол 1980 жылы ҚазҚРО ІІМ Батыс Қазақстан көліктік милиция басқармасының Қызылорда станциясының ІІЖБ-де қатардағы милиционерден бастап, ҚР ІІМ басқармасының бастығы қызметіне дейін қол жеткізіп, қазіргі кезде зейнеткерлікке шыққан отставкадағы полиция полковнигі. Ішкі істер басқармасы және Ұлттық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының гвардиясы және «Невада-Семей» ӘДҚ КОФ кеңесшісі.
Жастайынан әкесінің арнайы үлгідегі киіміне қызыққан бала Байтабын мен де осындай тұлға боламын деген арманмен өсті.
Бүгінде бала мақсатына жетіп, өмірде аяғын шалыс басып түзу жолдан тайған сотталған азаматтарды өмірге қайта тәрбиелеп, ҚАЖ саласына өз үлесін қосып жүр.
Абыройлы әкенің адал қызмет жолын жалғаған отбасындағы бауырлары Сайын, Айсара да еліміздің құқық саласында өз үлесін қосып келеді.
«Отбасымда ішкі істер органдарында қызмет атқару мұрагерлік жол. Олай дейтінім менің атам Молдаш Сералы, әкем Бөгенбай Сералыұлы, әкемнің ағасы Қалмұрат Сералыұлы өз уақытында құқық қорғау саласында қызмет еткен. Мен де әулетімнің салған абыройлы жолын жалғап келемін. Үлгілі әулеттен шыққанымды мақтан тұтамын»,- деп бөлісті ҚАЖ қызметкері Байтабын Бөгенбайұлы.
Тәуелсіздік таңымен таласа туылған Байтабын Бөгенбайұлының алар асулары алда деп ойлаймыз.