
Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқан ЛА-155/16 мекемесінің қызметкері Ербол Ержановты еске алуға, сондай-ақ Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу күніне орай Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаменті «Динамо» ҚР Дене шынықтыру-спорт қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының қолдауымен волейболдан турнир өтті.
Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Турнирге ведомстволық бағынысты мекемелер, сондай-ақ департамент, пробация қызметі және ҚАЖ ардагерлерінің командалары қатысты.
«Ердің есімі біздің жадымызда мәңгі қалады. Мұндай іс - шаралар көбінесе батырларды еске алуға арналады, сонымен қатар салауатты өмір салтын ынталандыру және ҚАЖ қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып табылады», - деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Ж. Қосжанов.
Турнирде бірінші орынды ЛА-155/16 тергеу изоляторы, екінші орынды ЛА-155/8 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі және үшінші орынды Департамент командасы иеленді.