30 convicts passed state examination in UIs institution in wkr

30 convicts passed state examination in UIs institution in wkr

Орал колледжінде оқитын сотталғандар БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінде «ағаш ұсталары» және «газэлектрдәнекерлеушілер» мамандықтары бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды.
ҚР ҚАК сәйкес білім алу сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады, сондықтан мекеме әкімшілігі жыл сайын сотталғандармен бейінді білім алу және одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мәселен, 2021 жылдың қыркүйек айында Орал колледжіне кәсіптік техникалық білім алу үшін оқуға 30 сотталған қабылданып, бүгінде мамандықты игергені туралы диплом алу үшін мемлекеттік емтихан тапсырып, алған дағдылары мен білімдерін бекіту және растау уақыты келді.
– Орал колледжінің оқытушылар құрамы, директор, сондай-ақ БҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаменті ММ-нің өкілі емтихан қабылдауды жүзеге асырды, - деп атап өтті РУ-170/3 мекемесі бастығының орынбасары С.Сахметов.