Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінің сотталғандары аттестат алды

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінің сотталғандары аттестат алды

Ақмола ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінде кешкі мектеп түлектері аттестаттарын алды. Көбісі аттестат алу үшін біраз жыл жүрді. Кейбіреулері оқуын 7-8 сыныптан бастап ары қарай мекеме қабырғасында жалғастырды. Көптен күткен құжатты 22 сотталған түлек алды.
«Мен мұғалімдерге алған білімдеріміз үшін, олардың шыдамдылығы, түсіністігі мен қолдауы үшін ризашылығымды білдіремін, сондай-ақ берілген мүмкіндік үшін мекеме басшылығына ерекше алғысымды білдіргім келеді» — деп сотталған түлектердің бірі жиналғандар алдында сөз сөйледі.
Мекеме басшылығы мен педагогтер түлектерді оқу процесінің аяқталуымен құттықтап, зияткерлік деңгейін арттыруға ықпал ететін қазіргі әлемдегі білімнің маңыздылығын атап өтті.
«Сотталғандардың ҚАЖ мекемелерінде білім алуын ұйымдастыру, қайта әлеуметтендіру бөлігінде маңызды сәттердің бірі деп ойлаймын. Жазасын өтеушілер оқуға дайын болмаған кездері болды, бәріне ұзақ уақыт түсіндіруге тура келетін. Бүгінгі таңда үрдіс басқаша, білім аламын деушілер көп, олар бұл туралы бостандықта ойламайтын, ал мұнда оқуның маңыздылығын түсіну пайда болып, бостандықтағы болашақ өмірлері туралы ойлана бастайды» — деп бөлісті мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Құсайынов.