Оралда ҚАЖ қызметкерлері қан донорлары болды

Оралда ҚАЖ қызметкерлері қан донорлары болды

Бүгін Облыстық қан орталығында «Дүниежүзілік қан доноры күні» кеңінен атап өтілді. БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/2 мекемесінің қызметкерлеріде шетте қалған жоқ. Қызметкерлердің бірі Ирина Демидова отбасымен бірге қан орталығының басшылығымен «Донорлық әулет» номинациясында дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
- Ағам екеуміз студенттік жылдары әкеміздің үлгісімен мұқтаж пациенттерге қан тапсыра бастадық, өйткені сенің аз ғана үлесің біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін түсіну қандай ғанибет. Бүкіл отбасымызбен біз 80 рет қан тапсырдық, бұл шамамен 36 литр, - дейді аға инспектор - психолог Ирина Демидова.
Жалпы, аймақтық ҚАЖ департаментінің 30 қызметкері донор болып, әрқайсысы шамамен 0,5 литр қан тапсырды.