
Орал қаласының қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің футбол алаңында сотталғандар арасында шағын футболдан турнир өтті. Үздік команда атағы үшін алты жасақ күресті. Жарысты мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аслан Батыров ашты.
Командалық есепте бірінші орынды №4 жасақтың командасы, екінші орынды №3 жасақтың командасы, үшінші орынды №2 жасақтың командасы жеңіп алды. Мини-турнирдің қорытындысы бойынша әр түрлі номинацияларда Үздік ойыншылар марапатталды. «Үздік сұрмерген» номинациясында сотталған Е.Тәшімов, «Үздік қақпашы» номинациясын С. Адаюшкин жеңіп алды.
Футбол алаңында бәсекелестік рухы, толқу, жеңіске деген жігер және спорттық шарадан ұмытылмас әсер қалдырды. Сотталғандар үшін бұл тәжірибе, эмоциялармен жұмыс, өзінің жақсы жақтарын көрсете білу және әрине, марапат пен көтермелеуге ие болу.