СҚО ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізудің жолы кесілді

СҚО ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізудің жолы кесілді

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/8 мекемесінің жеке құрамымен тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолы кесілді. Мекеме аумағында орналасқан бейнекамералардың көмегімен Б. есімді азамат ұсталды.
Қызметкерлер оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырып, кейіннен sim-карталары орнатылған екі ұялы телефонды тәркілеп, заттар осы мекеменің сотталғандарына арналғанын анықтады.
Б. есімді азамат СҚО Айыртау аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігінде көзделген «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру» Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
- Бұл жыл басынан бері СҚО мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды жіберуге әрекет жасаудың екінші фактісі. Осындай құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мекеме аумағына тыйым салынған заттарды жіберген жағдайда азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз, бұл ескерту немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты тәркілей отырып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – деп атап өтті СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Р. Ахметжанов.