
Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/4 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды
Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/ 4 (әйелдер колониясы) мекемесінде Алматы облысы Іле аудандық сотының қаулысына сәйкес, шартты түрде мерзімінен бұрын жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру бойынша, колониядан 5 сотталған әйел босатылды.
Сотталған әйелдерді колония қақпасының жанында туыстары мен жақындары зор қуаныштарымен және гүл шоқтарымен қарсы алды. Барлығыда аналарын, әйелдерін, қыздарын отбасыларына оралуымен құттықтап, оларға жарқын болашақ тіледі.
Өз кезегінде ЛА-155/4 мекемесінің әкімшілігі олардың барлық ізгі ниеттерінде табыстар тілеп, олардың жолында кездесетін қиындықтардың бәрін жеңіп, олардың өмірі барлық адал азаматтар сияқты жақсы, сондай-ақ оларға мықты денсаулық пен шырайлы және жарқын болашақ тіледі.