Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодардағы ҚАЖ мекемелеріне барды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодардағы ҚАЖ мекемелеріне барды

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күндері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Магеррам Мамедович Магеррамов, Наринэ Гамлетовна Микаелян, Коммунистік халықтық партиясының мүшелері М.М.Булат, Н.Ж.Әміржанов және облыстық қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Сәрсенбаева А.М. Павлодар облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторына ресми сапармен келді. (АП 162/1 мекемесі қауіпсіздік деңгейі аралас мекеме).
Кездесу барысында бейнебақылаудың жаңартылған жүйесі көрсетілді, бұл бақылау құрылғылары күдікті тұлғалар, сотталған азаматтар және қызметкерлердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Депутаттар, Коммунистік партияның өкілдері мекемеде отырған сотталғандардың жалпы тұрмыстық жағдайын, серуен алаңын, әрбір азаматпен кездесіп, мекеменің тұрмыстық жай-күйін сұрады, жалпы елімізде қылмыстық атқару жүйесінде орын алып жатқан жаңа реформалар туралы тоқталып өтті.
Сотталғандар мен күдікті деп саналатын тұлғалардың боастандығы мен конституциялық құқықтарын сақтау- негізгі бағыттардың бірі. ІІМ қылмыстық атқару жүйесінде болып жатқан жаңалықтарды Сіздер тәжірибеде қолданып отырсыздар. Мысалы 2019 жылдан бастап азаматтарға келетін сәлемдеме салмағы, таксофон арқылы хабарласу уақыты ұзартылды. Біздер түзету мекемелеріне келіп, заң нормаларының сақталуына тұрақты түрде бақылау жасап отырамыз деді- өз сөзінде депутат М.Магеррамов.
Сонымен қатар, халық қалаулылары ҚАЖ мекемелері жеке құрамымен және облыстың пробация қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлер өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.
Іссапар барысында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары фронт офиске ат басын бұрды, осындай ыңғайлы кеңселер мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ете отырып, жалпы тұрғындардың құқық қорғау органдары жұмысына деген сенімділіктерін арттыра түседі деп қорытындылады.