Нұр-Сұлтандағы колонияға кезекті рет ҰАТ қатысушылары келді

Нұр-Сұлтандағы колонияға кезекті рет ҰАТ қатысушылары келді

Қазақстанда 2013 жылдан бастап халықаралық міндеттемелерді орындау үшін азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) жұмыс істейді.
ҰАТ қызметін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үйлестіреді және Үкіметтің, БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылады. ҰАТ қатысушыларының құрамына азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын азаматтар арасында іріктелетін қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, оның құрамына сондай-ақ заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер кіреді.
ҰАТ мақсаты мекемелер мен ұйымдарға тәуелсіз алдын ала сараптамалық тексеруді жүзеге асыру болып табылады.
Осылайша ҰАТ қатысушылары ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесіне барды. Келудің мақсаты мекеме әкімшілігі тарапынан қоныс-колониясында ұсталатын адамдарға азаптауларды және басқа да қатыгез, ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер түрлерін анықтау бөлігінде мониторинг жүргізу болды.
ҰАТ қатысушылары іс-шара барысында сотталғандардың тұрғын үй-жайын, асхананы, монша және кір жуу кешенін, сондай-ақ карантин бөлімшесін аралап шықты.
Сонымен қатар ҰАТ қатысушылары сотталғандарға қабылдау ұйымдастырды. Ұстау шарттары бөлігінде қабылдау қорытындылары бойынша шағымдар мен ескертулер түскен жоқ.
- Елорда мекемелерінде мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өтеді, бұл өз кезегінде мекемелерде ашықтық пен заңдылықты көрсетеді, – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Дәулет Рахымбеков.
Сондай-ақ, қоныс-колониясының басшысы Нұрғали Ажихановтың пікірінше, мұндай сараптамалық сапарлар жабық мекемелерде заңның үстемдігі және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын тұрақты бақылауға бағытталған, өйткені олар азаматтық бостандықтардың іргелі негіздерінің бірі болып табылатынын атап өтті.