Елордада бес сотталған жұмысқа орналастырылды

Елордада бес сотталған жұмысқа орналастырылды

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтар көбінесе тұрақты жұмыс табудан қиналады. Осыған байланысты сотталғандарға кезекті рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Байкоңыр аудандық пробация қызметі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, есепте тұрған сотталған азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Оларға жұмыс беруші тарап ұсынған 30-ға жуық жұмыс түрі ішінен жанына жақын саланы таңдауға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде, бес сотталған жұмысқа орналасты, ресми түрде келісімшарт жасалды.