СҚО кәсіпкерлері әйелдер колониясына барды

СҚО кәсіпкерлері әйелдер колониясына барды

2022 жылғы 23 мамырда Петропавл қаласының әйелдер колониясына әлеуметтік кәсіпкер және «Green.tal» жобасының жетекшісі Эмин Аскеров, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері келді.
Жұмыс сапары барысында кәсіпкерлік өкілдері түзеу мекемесінің аумағында орналасқан өндіріс объектілері «Еңбек-Қызылжар» РМК-нің тігін цехында және «Щеголева» ЖК жылыжайында және «Данилова» ЖК-де болып, сотталған әйелдердің еңбегімен танысты.
Кәсіпкер Эмин Аскеров мекемеде сотталғандардың еңбекпен қамтылуының айтарлықтай дамығанын, сондай-ақ қала кәсіпкерлері үшін жасалып жатқан жағдайларды атап өтті.
Ғимарат үшін жалдау ақысының болмауы, еңбек тәртібі, шикізат пен дайын өнімнің сақталуы, мекеме қабырғасында жиі дайындалатын кең сұранысқа ие бейіндегі тәжірибелі мамандар Петропавл қаласының әйелдер колониясына келген кәсіпкерлердің назарын аударды.
Бүгінгі таңда СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде 4 жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді, онда сотталғандардың 98%-ы жұмысқа орналастырылған.⠀