Спорттық ойындар Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағалығымен Павлодар қаласындағы «Спорт-сити» стадионының ғимаратында өтті. Ведомствоның бастамасын қолдап, турнирге қатысу үшін 3 аумақтық департамент пен ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ниет білдірді.⠀
Турнир чемпионы атағы үшін 138 қызметкерден құралған 14 топ бақ сынасты. Спорт алаңында өткізілген уақыт ішінде қатысушылар өздерінің біліктіліктері мен дағдыларын ғана көрсетіп қоймай, еліміздің басқа өңірлерінен келген әріптестерінің қабілеттерін де бағалай алды.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД, екінші орынды Ақмола облысы бойынша ҚАЖД және үшінші орынды Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті иеленді.
Сондай-ақ:
- «Жеңіске деген жігері үшін» номинациямен - Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД командасы;
- «Үздік ойыншы» номинациямен - Шаймуханов Аян, ҚР ІІМ Қостанай академиясы;
- «Үздік сұрмерген» номинациямен - Төребеков Ерғазы, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД;
- «Үздік қорғаушы» номинациямен - Тұрымұлы Абай, Ақтөбе бойынша ҚАЖД;
- «Үздік қақпашы» номинациямен - Абдрахманов Нұрсұлтан, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменттерінің қызметкерлері марапатталды.