АК-159/5 мекемесінде кәсіпкерлер үшін «Ашық есік күні» өтті

АК-159/5 мекемесінде кәсіпкерлер үшін «Ашық есік күні» өтті

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/5 мекемесінде Абай ауданының орта және шағын бизнес өкілдері үшін "Ашық есік күні" өткізілді.
"Еңбек" РМК "Еңбек-Қарағанды" филиалының №5 өндірістік учаскесінің жұмыс істеп тұрған өндірістік нысандары көрсетілді: балқытылатын материалдарды дайындау цехы (бикрост), шлакоблок цехы, темір бетон цехы, саңырауқұлақ цехы, металл құрылымдарын дайындау бойынша №5 цех, "Орбита" ТҚС және "ALI JAN" ЖШС автокөлікті жөндеу, жұмсақ және корпустық жиһаз жасау цехы, сондай-ақ құс өсіру бойынша цех, ағаш өңдеу цехы, ұн тарту цехы (диірмен) және т. б.
Іс-шара барысында қолда бар өндірістік жабдықтарда жаңа өнім түрлерін игеру үшін мекеме аумағында бірлескен өндіріс ашу мәселелері, дайын өнімге тапсырыс берудің дұрыстығы мен тәртібі түсіндірілді.