
Ведомство басшысы Жанат Ешмағамбетов «Алатау» спорт кешенінде өткен көпсайыс жарыстарының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.
Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетов қызметкерлерді алдағы мерекемен құттықтап, әскери және қызметтік борышын адал атқарғандарыы үшін алғысын білдірді. ҚР ІІМ ҚАЖК ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын И.Дүйсембин де салтанатты сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметкерлер «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Көпсайыстан жарыс жеңімпаздарын да назардан тыс қалдырмады. 4 мамырда «Алатау» спорт кешенінің базасында ҚАЖК жеке құрамы төрт бағыт бойынша: 100 және 1000 метрге жүгіру, ерлер арасында белтемірге тартылу және әйелдер арасында орыннан секіру біріншіліктерінде бақ сынасты.
Барлығы 20-дан астам қызметкер марапатталды.