
Халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері БҰҰ Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс басқармасының жобасы іске асырылып жатқан мекемелердің бірінде болды.
Делегация теологиялық және оңалту жұмыстарының нәтижелерімен, ұстаудың материалдық-тұрмыстық жағдайымен, тамақтандыруды ұйымдастырумен, жұмысқа орналастырумен танысты, сондай-ақ бірқатар сотталғандармен әңгіме өткізді.
Айта кетейік, 2018 жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында бұл жоба пилоттық режимде іске қосылды, оған Қарағанды және Павлодар облыстарының 7 мекемесі қатысады.
«Осы жоба аясында ЕО, БҰҰ және Нидерланды Қазақстанға заманауи, тұрақты және инклюзивті қоғам құруға, экстремизмге қарсы күрес бойынша үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу, пробация қызметін жақсарту және қоғамды тартуды арттыру арқылы бейбітшілікті қолдау және әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді ілгерілетуге қолдау көрсетеді», - деп атап өтті ЕО-ның Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас.
Бағдарламаға қатысушылармен бірге ұстау жағдайларын жақсарту, оңалтудың жаңа тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ осы бағытта тартылған мамандарды даярлау мәселелерінде көлемді жұмыс жүргізілді.
Әзірленген құралдар әр сотталғанның жеке басын мұқият зерделеуге, қылмыс жасауға алып келген және оны деструктивті идеяларды ұсынуға бейім еткен факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Жақын болашақта пилоттық жоба жұмысының нәтижелері бойынша алынған тәжірибені енгізу жоспарлануда.
«Қоғамның өркениеттік дәрежесін оның түрмелерімен бағалауға болады. Біз барған қылмыстық-атқару жүйесінің пилоттық мекемесінде сотталғандарға кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыруды қамтитын оңалту бағдарламаларын ұсыну тұрғысынан лайықты жағдай жасалғанын көрдік. Егер барлық қамаудағыларға адамның қадір-қасиеті мен құндылығын ескере отырып, құрметпен қарайтын болса, босатылғаннан кейін қоғамға оларды қайта біріктіру оңайырақ болады», - деді БҰҰ Орталық Азиядағы ЕҚБ өңірлік өкілі Ашита Миттал.
Мекемені аралағаннан кейін Павлодар облысының әкімдігінде халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдерімен сотталғандарды, оның ішінде экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстар үшін сотталғандарды әлеуметтік бейімдеуге арналған дөңгелек үстел өткізілді,
Онда осы бағыттағы одан әрі даму және ең алдымен жазаны өтегеннен кейін сүйемелдеуге қатысты мәселелер талқыланды.
«Қазіргі уақытта, қылмыстық-атқару жүйесі қоғамға тіпті жазаның ең жоғары мерзімін өтеген сотталғандарды да табысты қайтаруда үлкен тәжірибеге ие.
Дегенмен, ҚАЖ қызметкерлерінің бір ғана күшімен заңды бұзған адамдарды сәтті түзетуге қол жеткізу мүмкін емес екенін түсіну қажет, өйткені қылмыс – бұл әлеуметтік құбылыс, оған көптеген факторлар әсер етеді, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және қоғамдық өмірдің басқа салаларымен байланысты.
Бүгінде экстремизм мен терроризм қаупі – бұл іс жүзінде әрбір елде өзекті мәселе.
Мемлекет басшысының Жолдауында діни экстремизмге қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдау туралы, әсіресе қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде оның қылмысқа араласуына жол бермеу туралы айтылды.
Сондықтан жақын арада бағдарламаның барлық қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған», - деп атап өтті ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов.