
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/3 орташа қауіпсіз мекемесінде жастар сотталғандарға есірткі беруге тырысты.
Ол үшін олар тыйым салынған затпен байламдар жасырылған тоқаштарды қолданды. Кейін белгілі болғандай, есірткіні «жеткізушілер» сәлемдемені сотталғанның туыстарынан алған. Жедел іс-шаралар барысында тыйым салынған салындысы бар тоқаштарды қамаудағының әйелі дайындағаны белгілі болды.
Есірткіні мекемеге беруге әрекет жасаған барлық адамдар қазір ұсталды. Сараптама нәтижелері бойынша тоқаштың ішіндегі гашиш боп табылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» ҚР ҚК-нің 297-бабын бұзғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.