Пенитенциарлық жүйенің негізгі мақсаттарының бірі - сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету

Пенитенциарлық жүйенің негізгі мақсаттарының бірі - сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізуде.
Айта кету керек, бүгінде мекеме аумағында 8 шағын және орта кәсіпорын нарық талаптарына сәйкес табысты жұмыс істейді, қазіргі таңда тапсырыстар саны, жұмыс орындары ұлғаюда.
«Абдуакбар» ЖК (ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі) – 45 сотталған жұмысқа орналастырылды, сотталғандардың уәждемесі артуда. Мекеме әкімшілігі жеке кәсіпкерге барынша қолдау көрсетеді.
Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін мекеме аумағында өз өндірісін ашуға шақырамыз, - деді облыстық ҚАЖ департаментінде.