
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге орай РУ-170/2 мекемесінде «Ашық есік» күні өтті. Бүгін сотталғандардың туыстары бас бостандығынан айыру орындарында жақындарының өмір сүру жағдайларын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.
– Мұндай іс – шаралар туыстық байланыстарды нығайту, олардың құқықтық бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру және сотталғандарды одан әрі табысты қайта әлеуметтендіру үшін өткізіледі, олардың ертеңгі күніне деген сенімі және олардың қайтып оралуын туыстары үйде күтіп отырғанына сенімі пайда болады, демек оның қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндігі бар, - деп атап өтті тәрбие бөлімінің бастығы Е.Айберстиева.
Сотталғандардың туыстары үшін мекеме аумағы бойынша, сотталғандар тұратын жасақ үй-жайына, сотталғандар өздерінің жақындарымен сөйлесуге мүмкіндік алған асханаға экскурсия жүргізілді.