
Пасха мерекесіне орай ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің наубайханасында сотталғандар мерекелік торттар дайындап, Семей қаласының қарттар үйіне тапсырды.
Пасха - бұл жақсылық мерекесі және өзіне ең жарқын нәрсені әкеледі, адамдарға сенімді нығайтады, сондай-ақ жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Сотталғандар куличтерді дайындауға бар жан-тәнімен кірісті. Олардың айтуынша, тәттілердің ерекше құпиялары жоқ, ең бастысы – бәрін жан-тәнімен жасап, содан кейін ең дәмді торттар піседі.
– Осы мейрам күні біз торттарды сыйладық. Мұнда тұратын қарт кісілер тәттілерге өте риза болды. Біз шетте қала алмадық. Осы адамдардың жүректерінде бақыт пен қуаныш тудыру үшін осы мейрамда қуанышты хабар келіп, оларға үміт артқанын қалаймыз, – дейді ОВ 156/15 мекемесінің Кадр саясаты бөлімінің бастығы Райгүл Сауғабаева.
Алғыс сөздер, қуаныш көз жасын әкелді. Қарттар үйінің 66 жастағы тұрғыны Қанат бөліскендей, кез келген осындай қуанышты кездесу, сыйлықтар, іс – шаралармен шынайы адамдардың назары - нағыз мереке.
– Шын мәнінде, бұл қарт адамдарға қажет нәрсе. Біз олардың өздерін жалғыз сезінбеуі үшін бәрін жасауымыз керек, – дейді мекеме бастығы Роллан Жұмажанов.