Маңғыстау тергеу изоляторында сотталғандар үшін ауызашар ұйымдастырылды

Маңғыстау тергеу изоляторында сотталғандар үшін ауызашар ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде «Шарапатты Рамазан» іс-шарасы аясында арнайы контингент үшін ауызашар ұйымдастырылды. Іс-шара облыстық Бекет Ата мешітімен және «Отпан» ақпараттық-түсіндіру орталығымен бірлесіп өткізілді.
«Қасиетті Құран кәрім адамдарға арналған нұсқаулық болып ақ пен қараның айырмашылығын тану (жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалғанды) ажырата білу мақсатында Рамазан айында жіберілген». Дәл осы кітапта қасиетті Рамазан айындағы Әл-Қадр түні мен оразаның орны ерекше, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Мешіттің бас имамы Әнуар Елжановтың айтуынша, қасиетті Рамазан айы тек ораза ұстаумен шектелмейді.
«Кімде-кім ораза ұстаушыны ауыз ашу үшін тамақтандырса, онда ол ораза ұстаушының сыйын төмендетпестен оған тең сыйақы алады», – дейді имам.
Мекемеде 110 сотталған адамға ауызашарға арналған қоржындар таратылды. Қасиетті Рамазан айы-игі істер жасалатын ай.