СҚО-да құрылыс объектілерін салуға сотталғандар тартылуда

СҚО-да құрылыс объектілерін салуға сотталғандар тартылуда

Петропавлда пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мұндай азаматтар мәдени маңызы бар объектілерді, тұрғын үйлерді, сондай-ақ облыс орталығының саябақтары мен скверлеріне брусчатка салады.
Сотталғандарға халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы пробация қызметінің инспекторлары жұмыс табуға көмектеседі.
— Петропавл пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталғандар жұмыс орындарының квотасы бойынша қаламыздың жетекші құрылыс және өнеркәсіп ұйымдарымен 7 еңбек келісімі жасалды, - деді облыс орталығы пробация қызметінің аға инспекторы Ғ.Ташкенов.
Жұмыс сотталғандарды сәтті оңалтуға және әлеуметтенуге мүмкіндік береді. Жұмыс істейтін адамның бос уақыты аз, оның артық болуы көбінесе қайталанатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға әкеледі.