
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесінің сәлемдеме-сауқаттарды қабылдау бөлмесінде ыстық тағам арасына бірнеше ұялы телефон салып өткізбекші болған азамат ұсталды. А. есімді азамат Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесіндегі жазасын өтеуші, ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша айыпталушы 28 жастағы Б. есімді танысына сәлемдеме-сауқат алып келген.
Тексеру барысында палаудың ішінен үш телефон, бір қуаттағы және үш SIM-картаны жасырын өткізудің жолы кесілді.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.