
Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беретін мектебі аумағында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағалығымен кезекті спорттық ойындар өтті. Ведомствоның бастамасына қолдау білдіріп қатысуға 13 аумақтық департамент ниет білдірді.
Турнир чемпионы атағы үшін бөлімшелердің 128 қызметкері бақ сынасып, спорт алаңында өткізілген уақыт ішінде қатысушылар басқа өңірлерден келген әріптестерінің дағдыларын көріп, бағалай алды.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Қостанай облысы бойынша ҚАЖД, екінші орынды Алматы қаласы бойынша ҚАЖД және үшінші орынды Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті иеленді.
Сондай-ақ жарыстың үздік ойыншылары ретінде:
«Үздік допты ойынға қосушы» - Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Ким Станислав, ;
«Үздік бұғаттаушы» - СҚО бойынша ҚАЖД қызметкері Омельченко Александр;
«Үздік либеро» - ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкері Әшірбаев Ернар ұсынылды.