
Аталған байқау бүгін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде өтті. Байқаудың биыл екінші рет өткізілуі, алғаш рет конкурс 2018 жылы ҚАЖ Комитетінде өткізілген болатын.
Өткізілген конкурстың мақсаты - жасақ тәрбиешілері кеңесінің ұйымшылдығын, моральдық – психологиялық климатты жақсарту, сотталғандармен тәрбие жұмысының сапасын арттыру және жалпы кәсіби қор құру болып табылады.
2019 жылғы жасақ тәрбиешілерінің үздік кеңесі" байқауына 16 облыстың өкілдері, конкурстың облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Бұл байқау 3 кезеңнен тұрды: 1) ЖТК төрағасының сәлемдесуі; 2) бейнероликтерді көрсету; 3) медициналық дайындық.
Байқаудың қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы кәсіпқойлық, жеңіске деген ерік, шығармашылық көзқарас, орындаушылық шеберлік және әртістік қасиеттерді ескерді.
Қазылар алқасының шешімімен 1 орын-СҚО бойынша ҚАЖД ЕС – 164/1 мекемесінің жасақ бастығы әділет майоры Ахмадиев Ержан Берікұлына, 2 орын-Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК – 159/6 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Куприч Александр Александровичқа, 3 орын-Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/4 мекемесінің жасақ бастығы әділет майоры Мұсағажинова Айзада Александровнаға берілді.