
Бүгінде қалалық ҚАЖ департаменті колониясының кітапханасында 24 мыңға жуық кітап бар, Қолжазба және сирек кітаптар орталығының арқасында олардың саны жыл басынан бері артып келеді.
Орталық өкілдері наурыз айында 500 кітап, ал жақында тағы 3000 кітап тапсырды.
- Олардың ішінде негізінен көркем әдебиет, діни кітаптар, журналдар мен мерзімді басылымдар бар. Сотталғандар әдебиеттерді кітапхананың оқу залында оқиды, немесе кітаптарды өзімен бірге жасақ жатақханасына ала алады, – дейді ҚАЖ департаменті.
Кітаптардың сотталғандарға әсері оң, олардың отандық және шетелдік әдебиеттердің үздік шығармаларына қызығушылығын оятып, заңға бағынатын мінез-құлық қалыптастыруға көмектеседі. Мекеме әкімшілігі кітап оқуды әрдайым қолдап отырады, себебі кітап оқу жеке тұлғаның дамуына, жағымсыз ойларды азайтуға, өмірлік ұстанымдарды қайта қарастыруға ықпал етеді.
- Біз Орталықтың Нұр-Сұлтан қаласының сирек кездесетін қолжазбалары мен кітаптарын беру бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырғанына қуаныштымыз. Барлық сотталған-оқырмандардың атынан осы Орталықтың директоры Жандос Болдықовқа пайдалы ақпарат алуға жағдай жасап, сотталғандардың өздігінен білім алуына мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді, – дейді Департамент бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Ағыбай Мухин.