
Жұмыс сапарының басты мақсаты Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан пенитенциарлық мекемелердің қызметімен және жай-күйімен танысу болды.
Төрағаның орынбасары мекемелердегі тұрғын жайларды, медициналық бөлімдерді және өндіріс аймақтарын аралады және колонияының аумағындағы оқу орындарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, төраға орынбасары сотталғандармен сөйлесіп, оларды толғандыратын мәселелерге жауап берді.
Жұмыс кездесулерін қорытындылай келе, әділет полковнигі Есқали Саламатов сотталғандардың ұстау жағдайлары және олардың құқықтарын сақтау бойынша, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын ашып, жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аудару керектігін атап өтті.