
Өткен демалыс күндері Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Үздік орын үшін сегіз команда бақ сынасты.
Жарысты Департамент бастығының орынбасары Бағдат Әсілбеков ашып, қатысушыларға сәттілік пен әділ ойын тіледі. Ойын қорытындысы бойынша тұғырдың бірінші сатысын тергеу изоляторының командасы, екінші орынды орташа қауіпсіз мекемесінің (жалпы режимдегі колония) командасы, қоланы пробация қызметінің ойыншылары иеленді.
Үздік шабуылшы Жәнібек Талғатұлы болса, үздік қорғаушы ретінде Сапар Оңғаров, ал үздік қабылдаушы ретінде Ердос Исламбек танылды.
- Спорт-біздің қызметіміздің ажырамас бөлігі, мен жарыстарға қатысу мүмкіндігіне қуаныштымын. Біз өз күшімізді тексеріп қана қоймай, жұмысымызда маңызды болып табылатын жағдайды өзгерте алдық. Біздің арамызда жақсы нәтиже көрсететін кәсіби спортшылар аз емес, сондай-ақ бүгін біз оны көре алдық, – деп бөлісті жарысқа қатысушылардың бірі.