Әскери-техникалық мектептің тәлімгерлеріне ҚАЖ қызметі туралы айтылды

Әскери-техникалық мектептің тәлімгерлеріне ҚАЖ қызметі туралы айтылды

Сәуір айында БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Кадр саясаты тобының инспекторлары Эльмира Ильясова мен Нина Новикова әскери-техникалық мектептің тәлімгерлерімен кездесу өткізді.
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінде бар бос лауазымдарды толықтыру мақсатында ІІО-да қызмет ету кезеңінде қызметкерлерге берілетін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік жеңілдіктер (1,6 жылға 1 жыл қызмет ету, тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы төлеу, тегін медициналық сақтандыру) айтылып, сондай-ақ қызмет атқару міндеттері түсіндірілді.
Ниет білдірген үміткерлерге барлық қажетті ақпарат жазылған буклеттер таратылды.