
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/12 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне сотталған адаммен ұзақ кездесуге әйел келді.
Кездесуге келген азаматшадан құжаттарды қабылдау кезінде ҚР-да белгіленген үлгідегі неке туралы куәліктің сәйкессіздігі анықталды.
Әйелдің айтуынша, 2019 жылы неке туралы куәлікті жедел алу үшін ол бейтаныс адамға ақша мен құжаттарын берген, содан кейін ол осы куәлікті алған. Әйел жалған неке туралы куәлікті білмейтінін айтады.
- Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында заңсыз кездесуге жол берілмеді. Аталған факт Қапшағай қаласының полиция бөлімшесінде тіркелді, - деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.