
Жыл басында кестеге сай әзірленген бағдарламада сотталғанды босатуға психологиялық дайындау қарастырылған. Психолог сотталғанды жаңа жағдайда одан әрі өмір сүруге дайындайды, нақты қиындықтар, туыстарымен, достарымен, көршілерімен, қылмыс құрбандарымен, олардың туыстарымен қарым-қатынаста болуы мүмкін проблемалар туралы әңгімелер жүргізеді.
Елордалық ЕЦ-166/10 мекемесінде психолог бостандыққа шығу мерзіміне кемінде алты ай қалған, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталғандармен «Өзіңе деген сенімділік» тренингін өткізді.
Бұл шарада басты мақсат-дұрыс мінез-құлық дағдыларын үйретіп, өзіңе деген сенімділіктің мәнін түсіндіру . Бұл жаттығу психокоррекциялық топтың қатысушыларына сенімділікті белгісіздік пен агрессивтіліктен ажыратуға ықпал етеді. Бұл тренингтің сотталғандардың өмірлік жағдайында көмектесетініне сенгім келеді, – деді Нұр-Сұлтан қаласының ЕЦ-166/10 мекемесінің психологы Зәуре Мусина.
– Біз басшылар ретінде сотталғандар үшін режимді бұзудың, қайталанатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған жедел қауіпсіздік қызметіне баса назар аударамыз. Біздің мекеменің психологтары сотталғандардың мінез-құлқын түзетуге елеулі үлес қосқанын атап өткім келеді, олардың жұмысының арқасында біз сотталғандар тарапынан жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу фактілерін айтарлықтай азайтуға, сондай-ақ басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға қол жеткіздік, – деп атап өтті мекеме бастығының міндетін атқарушы Нұрғали Әжіханов.