
Ағымдағы жылғы 30-31 наурыз аралығында 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар барысында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді еске алу құрметіне ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан XIII Чемпионат өткізілді.
Чемпионатқа 16 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 178, оның ішінде 23 қыз.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ХІІІ чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте: Қостанай облысы бойынша ҚАЖД 1 – орын, ШҚО бойынша ҚАЖД 2 – орын, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері 3 – орынға ие болды.