
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерінің білім деңгейі мен мәдениетін арттыру мақсатында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрына барып, театр қойылымдарын тамашалады.
Драма театрының актерлері жоғары шеберлікпен қызықты және танымдық көріністерді ұсынды. Театр оркестрі театр әртістерінің қойылымдарына жанды әуендердің дыбыстарымен серпін берді.
Спектакль аяқталған соң театр басшылығы ҚАЖД басшылығына ата-бабаларымыздың мәдениеті мен руханиятына баса назар аударғаны үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде Алматы облысы бойынша ҚАЖД басшылығы әртістерге қызықты сахна құрғаны үшін алғыстарын айтып, жақын арада театрға тағы да келуге уәде берді.