
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің инспектор-психологының міндетін атқарушы Ғ. Аманжол және БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің инспектор-полиграфологы З. Мендыгереева БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің жас қызметкерлерімен психологиялық іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты-жас қызметкерлерді бір-бірімен таныстыру және ұжымда жұмыс істеуге үйрету.
Ғ.Аманжолдың айтуынша, мұндай психологиялық іс-шаралар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға оң әсерін тигізіп қана қоймай, қызметкерлердің бір-біріне деген сенімін арттырып, психологиялық кедергіні төмендетеді.
Іс-шара барысында жас қызметкерлерге қылмыстық-атқару жүйесі туралы бейнеролик көрсетілді, ситуациялық сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар алынды. Іс - шара соңында «Танысу», «Телефон», «Орын ауыстыру» психологиялық тренингтері және басқа да тренингтер өткізілді.