Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/3 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде а.ж. мамыр айында орын алған оқиға бойынша ҚР ҚК 429-бабымен іс қозғалған екі сотталғанға қатысты Орал қалалық сотының ашық көшпелі сот отырысы өтті.
2019 жылғы мамырда ҚАЖ департаменті мен РУ-170/3 мекемесінің қызметкерлері аталған колониядағы жасақтарды тексеру барысында сотталғандардан тыйым салынған зат тауып, оны тәркілемек болады. Сол уақытта сотталғандар пайдалануға тыйым салынған заттарды бермей, алып қою мақсатында ҚАЖ қызмектерлеріне күш көрсетіп, нәтижесінде бекет бақылаушысы дене жарақатын алған болатын.
Аталған факті бойынша қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, заң бұзушылық әрекетке жасаған жазасын өтеушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бас бостандығынын айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында колония аумағында 250-ден аса сотталған және пенитенциярлық жүйе қызметкерлерінің қатысуымен алғаш рет ашық көшпелі сот отырысы өткізілді.
Орал қалалық сотының 2019 жылғы 8 қарашадағы үкіміне сәйкес қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне күш қолданған сотталғандар айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыра отырып төтенше қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге сотталды.