ҚАЖ комитеті үздік пробация қызметкерлерін анықтады

ҚАЖ комитеті үздік пробация қызметкерлерін анықтады

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 17-18 наурызда Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының базасында Қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік конкурсын өткізді.

«Үздік пробация қызметкері» атағына үміткерлерді іріктеу екі кезеңнен тұрды – алғашқы іріктеу 2021 жылғы желтоқсанда барлық пробация бөлімшелерінің арасында жүзеге асырылды, ал ағымдағы жылғы ақпанда олардың ішінен 17 қатысушы таңдалды.

Ақтық сайыста үміткерлер иллюстрациялық материалдармен өз шеберліктерін және ішкі істер органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де актілері бойынша білімдерін көрсетті.

Байқау қорытындысына және құрамында ҚАЖ комитетінің, ІІМ Академиясы басшылығы және қоғамдық өкілдер бар қазылар алқасының шешіміне сәйкес «үздік пробация қызметкері» атағын, яғни бірінші орынды Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Астана ауданының пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Егенов Әлібек иеленді.

Екінші орынды Алматы қаласынан пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Күлмағамбетова Жазираға табысталды.

Үшінші орынды Қостанай облысынан әділет аға лейтенанты Динара Миронова және Алматы облысынан әділет капитаны Эльдар Заки өзара бөлісті.

Сондай-ақ, 17 наурызда Академияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында көрермендердің дауыс беруі жүргізілді. Бұл дауыс беруге 8 мыңға жуық адам қатысты.

Онлайн-дауыс беру жеңімпаздарына Қостанай Академиясының бастығы Н.Биекенов арнайы жүлделер мен сертификаттарды табыстады.