
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты орташа қауіпсіз АП-162/2 мекемесіне алғаш рет танымал мейрамханалардың бірінің бас аспазшысы сотталғандарға еуропаның тағамдары мен шоколадты фондандарды жасау бойынша шеберлік сағатын көрсетті.
- Шыны керек, мекеме басшылығы маған хабарласып, өтініш білдіргенде мен уақытымның тығыздығына қарамастан, бірден келісе кеттім. Себебі біз өркениетті мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, аяғын шалыс басып, қателескен жандарға қол ұшын созуымыз керек. Менің ойымша, олар өздерін қызықтыратын білімді алуға толық құқылы. Колонияда алғаш болуым, тіпті мекемкенің ішінің тазалығы мен жайлылығына таңғалдым, ал менің шәкірттерім қабілетті болып шықты. Аз ғана уақыттың ішінде болса да алған білімдері бостандыққа шыққаннан кейін қажет болады деп үміттенемін,- дейді бас-апазшы Рустем.
Аспаздық білімдерін арттыруға ниет білдірген сотталғандар ризашылықтарын білдірді.