Қоғамдық мониторинг өкілдері «Қара бүркіт» түзеу мекемесіне барды

Қоғамдық мониторинг өкілдері «Қара бүркіт» түзеу мекемесіне барды

Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушылары Косюк Н.Б. және Жук Е.Ю. Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар ұсталатын УК-161/3 мекемесіне барды.
ҰАТ қызметі азаптаудың және жазасын өтеп жатқан адамдармен қарым-қатынастың басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекет түрлерінің алдын алумен айналысады.
Мекеме әкімшілігі өкілдерге сотталғандарды ұстаудың тұрмыстық және материалдық жағдайларымен таныстырды. Ұстау камералары, серуендеу аймақтары және басқа да үй-жайлар тексерілді. Сотталғандардан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Жітіқара қаласындағы УК-161/3 мекемесі немесе халық арасында «қара бүркіт» аталып кеткен, өмір бойы сотталғандар жазасын өтеп жатқан Қазақстандағы жалғыз колония. Барлығы 360 адам ұсталады, оның ішінде 160 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар.