ҚАЖ қызметкерлері Талдықорғанның оқушыларын патриоттық тәрбиелеуге қатысты

ҚАЖ қызметкерлері Талдықорғанның оқушыларын патриоттық тәрбиелеуге қатысты

Қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты, жастар арасында жауынгерлік рухты және патриоттық тәрбиені арттыру мақсатында Талдықорған қаласындағы 16 орта мектеп басшылығы ҚАЖ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Оқушылармен кездесудің басты қонақтары Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/16 мекемесінде қаңтар айындағы оқиғаларда жарақат алған Мәулен Мырзабеков пен Дидар Байбосынов болды.
Ашық сабақ әнұранды орындаумен және қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен басталды. Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлері оқушыларға Отанымызға қызмет етудің негізгі құндылықтарын түсіндіріп, оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді.
- Ерлік-бұл табиғатың сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы борышын орындау үшін өзіне қауіп төндіруге саналы дайындықтың нәтижесі. Біздің мақсатымыз тек елімізге қызмет етіп қана қоймай, жас ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімін арттыру, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.
Шара соңында мектеп басшылығы мен оқушылар ҚАЖ қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін білдірді.