Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен 2 мыңға жуық сотталған жұмысқа орналастырылды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен 2 мыңға жуық сотталған жұмысқа орналастырылды

Нұр-Cұлтандағы пробация қызметі есепке алынған сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты пробация қызметінде 2 мыңға жуық сотталған адам есепке тұрған. Пробация қызметі үкім бойынша есепке алынған сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы жеке кәсіпкерлерді шақырып жәрмеңке ұйымдастырды.
Сотталғандарды жұмысқа орналастыру арқылы олардың қайта қылмыс жасауының және әкімшілік құқық бұзуының алдын алуға болады. Жұмыс таба алмай жүрген азаматтар үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Жазасын өтеп жүрген азаматтар өздерінің мамандығына сай тиісті мекемелерге орналасуға жолдама алып, жұмыспен қамтылғанын,- Нұр-Cұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Ақтоты Бекенова атап өтті.