
Жеке құрамның мерекелік кездесуін ашып, әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, ҚАЖ ведомствосының басшысы Қайрат Айдарбеков сөз сөйледі.
«Аяулы әйелдер, Қызметкерлер, Құрметті ҚАЖ жүйесінің ардагерлері, жеке өз атымнан, Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің барлық ерлер ұжымынан сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Осы мерекелік шуақты күні әрқайсыңызға ер адамдармен бірге тең дәрежеде адал қызмет еткендеріңіз үшін алғыс айтамын, сонымен бірге отбасыңызға қамқорлық жасауға, балаларды тәрбиелеуге, күйеулеріңізге, әріптестеріңізге, ер қызметкерлерге әрдайым қолдау көрсеткендеріңізге рахмет айтамын. Бүгінгі таңда ең жақсы алғыс сөздер сіздердің құрметтеріңізге естіледі! Әр отбасына зор денсаулық, амандық, қызметтеріңізде табыс тілеймін. Әрқашан сүйкімді, қамқор, сүйетін және сүйікті болыңыздар!»,- деп құттықтады ол.
Бұл күні ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Қылмыстық-атқару жүйесі дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ЕЦ-166/25 мекемесінің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі Анар Алдабергенова, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен ҚАЖД Пробация қызметін басқару бөлімінің бас маманы Бибігүл Буланова, ЕЦ – 166/23 мекемесінің Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Рахима Досжанова марапатталды.
Бірнеше қызметкер ҚР ІІМ-нің грамоталары мен алғыс хаттарын алды.
ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының бұйрығымен Алла Ермолова мен Бибігүл Серікпаева марапатталды.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД бастығының құқықтарымен облыстың жеке құрамының 70-ке жуық әйел қызметкері, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен ерікті жалданушылар марапатталды.