Маңғыстауда ҚАЖ қызметкерлерінің аналарын құттықтау шарасы ұйымдастырылды

Маңғыстауда ҚАЖ қызметкерлерінің аналарын құттықтау шарасы ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/6 мекемесінің басшылығы қызметкерлердің аналарын Халықаралық мерекемен құттықтады.
Асхат Дүйсенқалиевтің анасы мен Серік Демеуовтың әжесі Күмісай әже мен Набат апа отбасылық ошақтың сақтаушысы болып табылады, балаларына, немерелеріне қамқорлық жасап өмірде дұрыс бағыт береді. Ананың жүрегі-бұл махаббаттың, қамқорлықпен мейірімнің әмбебап тұңғиығы.
Мекеме басшылығы ел игілігі үшін қызмет ететін ұлдарды тәрбиелегені үшін жылы лебіздерін білдірді. Өйткені, ішкі істер органдарындағы қызмет-бұл үлкен жауапкершілік және шыдамдылық пен күш-жігерді талап етеді. Сондықтан қызметкерлерге отбасының, жақындарының қолдауы өте қажет.
- Олар айтқандай, әлем аналардың мейіріміне сүйенеді. Бүгін көктемнің осы тамаша күнінде Сіздерді мерекемен құттықтаймыз және барлық аналарға, әйелдерге денсаулық, бақыт және амандық тілейміз, – деді мекеме бастығының орынбасары Азат Шабиков.