Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің психологы – Зухра Тоқтамысова

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің психологы – Зухра Тоқтамысова

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жаңа-Қанай ауылында 1987 жылдың 22 наурызында дүниеге келген ару қыз Зухра Тоқтамысова 2016 жылдан бастап «Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс» бөлімінің аға инспекторы қызметінде еңбек етеді.
Зухра отбасының тұңғышы. ҚАЖ саласына келуіне құрбылары түрткі болған. Өзі ұзақ уақыт бұл салада қызмет атқаруды ойламаған. Алайда 2013 жылы ОВ-156/3 мекемесіне ерікті жалдамалы психолог лауазымында жұмысын бастаған.
– Арнайы контингентпен жұмыс жасау – алғашқы қиындықтардың бірі болды. Яғни, олардың әр біреуінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жұмыс істеудің тәртібін құру еді. Бірақ қасымдағы тәлімгерлердің көмегімен бұл қиыншылықтан да өттім, – дейді Зухра.
Зухраның жетістіктерінің бірі – 2019 жылдан бері С.Аманжолов атындағы ШҚУ-мен келісім шарт орнатып, «Педагогикалық коррекция және психология» кафедрасының мемлекеттік емтихан қабылдау комиссиясының құрамына қабылдануы. Ал қазіргі таңда бұл құрамда 20-дан астам білікті маман тәжірибелерімен бөлісуде.