Сотталғандарға кітаптар сыйға тартылды

Сотталғандарға кітаптар сыйға тартылды

Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы ЗК-169/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге психологиялық кітаптар сыйға тартты.
Екі тарап сотталғандарды бейсаналық деңгейден, өмірге деген ынтасын арттыру мақсатында өзара меморандумға қол қойған болатын. Шара барысында сотталғандар жаңа кітаптарды оқып, өз ойларымен бөлісті.
- Кез-келген жазасын өтеушінің психолгогиялық проблемасы бар. Шыны керек ойдың шырмауынан шыға алмай қиналатын кездер болады. Сондықтан психологтар тарапынан мұндай шаралардың ұйымдастырылып жатқаны біз үшін үлкен қуаныш - деп бөлісті сотталған.