Ақтөбеде тергеу изоляторының кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықты

Ақтөбеде тергеу изоляторының кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықты

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы КА-168/1 тергеу изоляторына сотталғандар үшін 50-ден астам кітаптар мен журналдарды сыйға тартты. Әлемдік әдебиет классиктерінің басылымдары, заманауи жазушылардың шығармалары және басқа да әдебиеттерді кітапхана қорына қала тұрғындары ұсынған.
– Қазіргі таңда облыстық ҚАЖ мекемелерінде әртүрлі жанрдағы 16 мыңнан астам әдебиеттері бар кітапханалар жұмыс істеуде. Алдағы уақытта да ҚАЖ мекемелері тұрақты түрде жаңа әдебиеттермен толықтырылып тұратын болады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сотталғандар арасындағы тәрбие тобының аға инспекторы Нұргүл Жұмағұлова.
Айта ету керек, қылмысты-атқару жүйесі мекемелеріндегі кітапхана қорын толықтыру – бұған дейін қол қойылған екіжақты ынтымақтастық меморандум аясында іске асты.