ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына барды

ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына барды

Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаменті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжановтың Талдықорған қаласында орналасқан тергеу изоляторына баруын ұйымдастырды.
Мәжіліс депутаты Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 мекемесінің бастығы А.Абдрахмановпен бірге ағымдағы жылдың басында елде өткен жаппай наразылықтарға қатысқан тергеу-қамауға алынғандарды камераларын аралап шықты.
Депутат тергеу-қамауындағылардың заңды жағдайларының қамтамасыз етілуін және құқықтарының сақталуын тексерді, сондай-ақ қаңтар оқиғаларына қатысы бар деген бірнеше адамдға жеке қабылдауын өткізді.
Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға сұрау салу кезінде шағымдар мен өтініштер түскен жоқ, мекеме әкімшілігіне наразылықтар болмаған, азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер мен өтініштер фактілері анықталған жоқ. Тергеу-қамауға алынғандар мекемеге медициналық көмек көрсеткені және құқық қорғаушылар мен адвокаттардың оларға уақтылы жіберілгені үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі депутатты тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесімен таныстырды, ол жүйе қандай да бір заңсыз әрекеттерді жою тәсілдерінің бірі болып табылады.
Өз кезегінде тергеу изоляторының бастығы Арнай Қанатұлы прокуратураның, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссиясының қатысушылары мекемеге тұрақты түрде барып тұратынын атап өтті.