
Пробация қызметінің ұйымдастыруемен 300-ге жуық сотталған қоғамдық жұмысқа тартылып, белгіленген нысандарға жолданды.
Олар сотпен белгіленген жазаларын күніне 4 сағаттан өтейді. 29 жастағы Андрей (аты өзгертілген) бұрын сотталмаған, тіпті әкімшілік құқық бұзушылықтарға да тартылмаған. Қылмыстық теріс қылығы үшін жас жігіт 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, жазасын толығымен өтеп шықты.
Қоғамдық жұмыс түріндегі жаза – қылмыстық теріс қылық жасағандар үшін нәтижелі тәрбиелік шара болып табылады.